ҚазҰУ Ректоры Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

Құрметті әріптестер, білім алушылар! Қазақ білімі мен ғылымының қарашаңырағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті азаттықтың ақ таңында мемлекеттің қалыптасуына айрықша үлес қосты. Әрдайым Елбасыға қолдау білдіріп, мемлекет жүктеген міндеттерді мінсіз атқарды. Жоғары оқу орындарының арасында көш бастап, жастар тәрбиесі мен мамандар даярлау ісінде қырағылық танытты. Алдағы уақытта да осы бағыттарыңыздан таймай, ел дамуына жаңа серпін беретіндеріңізге сенемін. Мерейлі мерекеде отбасыларыңызға амандық, бақ-береке, елімізге тыныштық тілеймін! Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!
Back to Top