ҚР Білім және ғылым министрі ҚазҰУ-ға келді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов арнайы келді. Жұмыс сапары барысында министр білім ошағында атқарылған жұмыстармен танысты. Алдымен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев ағымдағы жылы университетте жүргізілген құрылыс жұмыстарының барысына тоқталды. Министр соңғы үлгідегі күрделі жөндеуден өткен оқу ғимараттары мен жаңарған аудиторияларды аралады. #КазНУ #KazNU #Farabimedia
Back to Top