Генерал Байжасаров: тәлімгерлік дәстүрі – білікті кадрларды дайындаудың тиімді құралы
Бұған дейін, ІІМ генералдары жас полицейлердің тәлімгері болғаны хабарланған болатын.
Тиісті шешім Алматы қалалық полиция Департаменті тәлімгерлер Кеңесінің бірінші отырысында қабылданды.
Медеу аудандық полиция Басқармасына, 30 жылдан астам ішкі істер органдарында мінсіз қызмет еткен полиция генерал-майоры Болат Байжасаров тағайындалды.
Жақында ол осы бөлімшеде жеке құраммен кездесу өткізген болатын.
«Биылғы жыл кадр сапасын арттыру жылы болып жарияланды. Осыған орай, «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағының кепілі» демекші, ІІМ басшылығының бастамасымен ІІО ардагерлері қызметкерлермен тәрбие жұмысын жүргізуге тартылды және бұл - дұрыс шешім. Кеңестің шешімімен еліміздің Тәуелсіздігінің және Қазақстан полициясының қалыптасуының бастауында тұрған ҚР ІІМ-не еңбегі сіңген 11 қызметкер Алматы полициясының барлық қызметтер мен бөлімшелердің кураторы болып тағайындалды. Жаңа форматтағы полиция қызметкерлерін отансүйгіштікке тәрбиелеуде бүгінде білім, даналық және бай өмірлік тәжірибе бұрынғыдан да маңызды. Тәлімгерлік дәстүрі – білікті кадрларды дайындаудың тиімді құралы», - деді, Болат Байжасаров.
Сондай-ақ, баяндамашы, Ардагерлер кеңестерінің қазіргі полиция қызметкерлері мен болашақ бөлім басшылары үшін таптырмас құндылығын атап өтті.
———————————————————————————
Генерал Байжасаров: традиция наставничества – эффективный инструмент в подготовке квалифицированных кадров
Ранее сообщалось, что генералы МВД стали наставниками молодых сотрудников полиции.
Соответствующее решение было принято в ходе первого заседания Совета наставников Департамента полиции Алматы.
Шефство над Управлением полиции Медеуского района взял генерал-майор милиции Болат Байжасаров, более 30 лет беузпречно прослуживший в органах внутренних дел.
Накануне на базе указанного подразделения прошла его лидерская встреча с личным составом.
«Этот год объявлен годом улучшения качества кадров. В этой связи по инициативе руководства МВД в воспитательную работу с сотрудниками привлечены ветераны ОВД, поскольку “Воспитание поколений - залог будущего нации“ – и это правильное решение. 11 заслуженных работников МВД РК, которые стояли у истоков Независимости Государства и становления казахстанской полиции, решением Совета закреплены кураторами всех служб и подразделений алматинской полиции. Знания, мудрость и богатейший жизненный опыт сегодня, как никогда, важны для патриотического воспитания полицейских нового формата. Традиция наставничества – эффективный инструмент в подготовке квалифицированных кадров», - отметил в своем выступлении Болат Байжасаров.
Спикер также особо отметил, что Советы ветеранов бесценны для действующих сотрудников полиции и будущих руководителей ведомства.
1 view
484
247
9 months ago 00:01:01 1
Генерал Байжасаров: тәлімгерлік дәстүрі – білікті кадрларды дайындаудың тиімді құралы