ҚазҰУ-да Түркі әлемі Ұлттық ғылым академиялары одағы президиумының VI отырысы өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ғылым апталығы аясында Түркі әлемі Ұлттық ғылым академиялары одағы президиумының VI отырысы өтті. Жиында қатысушылар Түркі әлеміндегі ғылыми ынтымақтастықты дамыту жолдарын қарастырып, өзара пікір алмасты. Іс-шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Халықаралық Түркі академиясының Президенті Шаһин Мұстафаев, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының Президенті Күнсұлу Закария, Қырғыз Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының Президенті Қанатбек Әбдірахматов, Татарстан Республикасы Ғылым академиясының вице-президенті Дания Загидуллина, Түркия Ғылым академиясының президенті Музаффер Шекер және Әзірбайжан, Моңғолия, Башқұртстан, Өзбекстан Ғылым академияларының Президенттері, Қазақстан және шетелдік ғалымдар, түркітанушылар, университеттің оқытушы-профессорлар құрамы қатысты
Back to Top