ҚазҰУ. Аптаның айшықты оқиғалары -

ЖЕМІСТІ ЖҮЗДЕСУ Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев АҚШ-тың Лихай университетінің шығармашылық ізденістер жөніндегі бірінші проректоры және Mаунтоп бастамасының директоры, профессор Ханджан Мехтамен ынтымақтастық және бірлескен жобаларды іске асыру жайын талқылады. ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ ҚАБЫЛДАНАДЫ Университет Ректоры Жансейіт Түймебаев Пәкістанның Қазіргі заманғы тілдер ұлттық университетінің ректоры, генерал-майор Мұхаммед Джафармен онлайн кездесу өткізді. Онлайн отырысқа Пәкістан Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшісі Саджад Ахмед және Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы елшісі Ержан Қыстафин қатысты. Әңгіме барысында әріптестікті орнату және нығайту мәселелері кеңінен талқыланды. ҚАЗҰУ-ДА КИНО САЛАСЫНЫҢ МАМАНДАРЫ ДАЯРЛАНАДЫ Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне «Kazakh Cinema» Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының басқарма төрағасы Есетжан Қосыбаев бастаған отандық кино сала
Back to Top