ҚАЗҰУ. АПТАЛЫҚ ШОЛУ | KAZNU. WEEKLY DIGEST:

01-08 НАУРЫЗ 2021 ЖЫЛ АПТАНЫҢ АЙШЫҚТЫ ОҚИҒАЛАРЫ АКАДЕМИК ӨМІРБЕК ЖОЛДАСБЕКОВТЫҢ 90 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ ЕСКЕРТКІШІНЕ ГҮЛ ҚОЮ РӘСІМІ ӨТТІ ІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖОЛДАСБЕКОВ СИМПОЗИУМЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ, СОНДАЙ-АҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК ОНЛАЙН КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ Алматы қаласында техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚазКСР ҒА және ҚР ҰҒА академигі, көрнекті механик-ғалым, ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Өмірбек Арысланұлы Жолдасбековтің 90 жылдық мерейтойына орай мерекелік іс-шаралар кең көлемде аталып өтті. ҚАЗҰУ МЕН ШВЕЙЦАРИЯ ЖОО ҚОСДИПЛОМДЫҚ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» КеАҚ Басқарма төрағасы-ректор Жансейт Түймебаев, Швейцариялық экономика және басқару қолданбалы ғылымдар мектебінің (Swiss-Sasem) ректоры Доминик Джордан және Swiss-Sasem Швейцариялық бизнес мектебінің президенті Мейром Ескендіртегі ҚазҰУ мен Швейцариялық жоғары оқу орындары арасындағы қосдипломды білім беруді дамыту перспективаларын талқылады.
Back to Top