? «Түркістан-Қожа Ахмет Яссауи» мешіті. @

Ол тарихы тереңде жатқан Қожа Ахмет Яссауи кесенесінен 400-500 метр қашықтықта орналасқан. 5️⃣0️⃣0️⃣0️⃣ адам еркін намаз оқи алатын мешіт жертөлесімен қоса есептегенде 3 қабаттан тұрады. Көк күмбезі бірінші қабаттан бастап есептегенде 33 метр биіктікте болса, қос мұнарасының биіктігі – 36 метр. ✅ Намазханалар біркелкі жайнамазбен жабдықталған және мешіт іші Valtec аппаратымен еден арқылы жылытылады. Дәретханасы бөлек салынған, қосымша құрылыстың жанында имамдар бөлмесі, сауат ашу бөлмесі және неке залы, шағын 60-70 адамдық тамақтану орны (кафетери), 2-ші қабатта кітапхана бөлмелері бар. ? Жертөледе мәйіт сақтайтын және жуатын орындар белгіленген. Қызметкерлерге арналған дәрет алу орындары, ас дайындау асханасы және т.б. қосалқы бөлмелері бар. ? Мешіт ауласына – шырша, арша т.б. ағаштар қоршай, айнала отырғызылған және автотұрақ та орналасқан.
Back to Top