Түркістан – қазақ киелілері мәңгі ұйқыда жатқан мекен. «Қазақстанға қош келдіңіздер!»

Welcome to Kz. № 11 Шығарылым сипаттамасы: Ежелгі жерасты мешіті қандай? Неліктен Әзірет Сұлтан қорық-музейін билеушілер аңғары деп атауға болады? Түркістанға зиярат етіп келгендер қандай кесенелерге барады? Бұл туралы «Қазақстанға қош келдіңіздер!» жобасының жаңа шығарылымында баяндаймыз. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің айналасында орналасқан нысандардың ішіндегі ең ерекшесі - Қылует жерасты мешіті. Бұл атау арабтың “халуатун“ сөзінен шыққан, “хилвет“ деген атау еуропада тамыр алды. Мұндай құрылымдар оңашада өмір сүріп, ойға бату үшін арнайы салынған. Ондаған ежелгі соғыстардан аман қалған жерасты мешіті Кеңес өкіметі кезінде алғаш рет зардап шекті. Қырқыншы жылдары оның кірпіштері май зауытының құрылысына пайдаланылды. Бақытқа орай, мамандар мешіттің ішкі құрылымын қалпына келтіре алды. Мәселен, Гар деп аталатын бөлме. Бір адамға арналған мекен төрт метр тереңдікте орналасқан. Терең философиялық ойға бату үшін таптырмас орын. Бұл жерде ас үй мен дәрет бөлмесі де бар. Қылуеттің төбесі мен қабырғалары күйді
Back to Top