Түркістан Қожа Ахмет Яссауи мешіті. Туркестан мечеть. #shortsvideo

🕌«Түркістан-Қожа Ахмет яссауи» мешіті 2015 жылы ашылған. Ол тарихы тереңде жатқан Қожа Ахмет Яссауи кесенесінен 400-500 метр қашықтықта орналасқан. 🌟5000 адам еркін намаз оқи алатын мешіт жертөлесімен қоса есептегенде 3 қабаттан тұрады. Көк күмбезі бірінші қабаттан бастап есептегенде 33 метр биіктікте болса, қос мұнарасының биіктігі 36 метр. 🌟Намазханалар біркелкі жайнамазбен жабдықталған және мешіті іші Valtec аппаратымен еден арқылы жылытылады. Дәретханасы бөлек салынған, қосымша құрылыстың жанында имамдар бөлмесі, сауат ашу бөлмесі және неке залы, шағын 60-70 адамдық тамақтану орны, 2-ші қабатта кітапхана бөлмелері бар. 🌟Жертөледе мәйіт сақтайтын және жуатын орындар белгіленген. Қызметкерлерге арналған дәрет алу орындары, ас дайындау асханасы және т.б. қосалқы бөлмелері орналасқан. 🌳Мешіт ауласына-шырша, арша т.б. ағаштар қоршай, айнала отырғызылған және автотұрақ та орналасқан. Ақпарат бізден, бағалау сізден!❤ Бізге тіркеліп, қолдап қойыңыз.✊ INSTAGRAM: ВКОНТАКТЕ: FACEBOOK: #Яссауимешіті #мешіт #мечеть #Туркестанмечеть #Туркестан2023 #қожаахметяссауи #туркестан #туркестанскаяобласть #городтуркестан #новоституркестан #Түркістанмешіт #қазақстанмешіттері #туркестанотдых #turkistantv #turkistancity
Back to Top