Қожа Ахмет Ясауи кесенесі

Қожа Ахмет Яссауи кесенесі - Халықаралық мәртебеге ие, Орталық Азияда теңдесі жоқ ғажайып сәулеттік, тарихи, ансамбльдік туынды. Кесене Түркістан қаласының орталығында орналасқан. Ахмет Ясауи кесенесі аса үлкен порталды-күмбезді құрылыс. Оның ұзындығы 65,5 метр, ені 46,5 метр, ал биіктігі 39 метрді құрайды. Ғимараттың орасан зор порталы мен бірнеше күмбезі бар және екі қабаттан тұрады. Кесенеде түрлі мақсатқа арналған, жалпы саны 35 бөлме бар. Бірінші қабатында Жамағатхана, Қабірхана, Мешіт, Кітапхана, Үлкен ақсарай, Кіші ақсарай, Асхана, Құдықхана және төрт құжыра бөлмесі, ал екінші қабатында қалған құжыра бөлмелері орналасқан. Архитектуралық композицияның басты бөлмесі Ахмет Ясауидің Қабірханасы болып табылады. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі 2003 жылы ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұралар тізіміне енгізілді. Алып құрылыс халқымыздың тарихын, тілі мен дінін, дәстүрі мен мәдениетін зерттеп, зерделеуде баға жетпес құнды дерек болып табылады.
Back to Top