Індетке қарсы отандық екпені салдыруға 627 адам өтініш берді

Осы аптаның тағы бір маңызды жаңалығына тоқталайық. 627 отандасымыз «QazCovid-in» вакцинасының зертханалық сынақтарына қатысуға өтініш білдірді. Бұл туралы Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтының директоры Күнсұлу Зәкәрия мәлімдеді. Сынаққа қатысуға құжат тапсыру 10 қыркүйекте аяқталды. Екпені салу екі кезеңге бөлінбек. Бірінші фазада 44 адам қатысса, екінші жолы 200 адам қазақ ғалымдарының вакцинасын өздеріне сынап көреді. #1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан
Back to Top