Осы аптада полицейлер меншікті мерекелерін атап өтті. Погон таққан ағайын дәл қазір індетке қарсы күрестің алғы шебінде ақ халаттылармен тік тұрып қызмет атқарып жатқандар қатарынан екеніне дау жоқ. Тәртіп сақшыларын құттықтаған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пандемия кезінде оларға деген құрмет арта түскендігін айтты.
Алайда қоғам тарапынан құзырлы орган өкілдеріне деген көзқарас жалпы алғанда жақсы деуге келмейтін шығар. Заңмен емес, понятиемен өмір сүретін орта оларды ешқашан құрметтеген емес. Қарапайым жұрттың да қай кезде болмасын полицейге емешегі езіліп тұрмағаны анық. Себеп көп, жең ұшынан жалғасқан жемқорлық, қызмет бабын пайдаланып әлімжеттік жасау, озбырлыққа бару, қыл аяғы митинг болса, адамдарды кәрі-жас деп қарамай, көлікке тиегеннен кейін қадір қасиеттері кетіп-ақ жатыр. Бірақ ел болған соң полиция керек.
#1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан
58 views
2
1
2 years ago 00:01:22 1
Алматы полициясында Рүстем Қайдаровты еске алу кеші өтті
3 years ago 00:01:12 21
Жабылып зорлады
4 years ago 00:01:22 58
4 баласы бар атыраулық әйел жаңа туған нәрестесін қоқысқа тастаған
4 years ago 00:06:15 99
Полицейлерге деген құрмет қайтсе артады?
5 years ago 00:01:51 68
Ақтөбелік тұрғын әйелінің ішетінін айтып шағымданды
9 years ago 00:02:33 153
“Жүздеген адамды алдап кетті“ деген келіншекке іздеу салынды