Жабылып зорлады

Бес жігіт 17 жастағы қызды жабылып зорлап тастады. Сұмдық қылмыс Солтүстік Қазақстан облысындағы «Березовая роща» демалыс аймағында жасалған. Қаскөйлер кәмелетке толмаған жасөспірімді әбден қорлап, білгенін істепті. Қызының зәбір көргені жайлы полицейлерге арызды Петропавл қаласының тұрғыны түсірген. Тәртіп сақшылары көп ұзамай осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен бес адамды ұстаған. Олар 17 мен 20-ның аралығындағы жас жігіттер екен. Қазіргі кезде үшеуі уақытша ұстау изоляторына қамалған. Ал екеуіне қатысты қолданылатын шара тергеу барысында анықталады. Сот сараптамасы тағайындалған. Айта кетейін, зорлау және сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекет үшін 15-17 жылға бас бостандығынан айырылу жазасы қарастырылған. Все новости Первого канала “Евразия“ теперь и в Telegram: ​ Подписывайтесь! Наш сайт - ​ Vkontakte - ​ Facebook - ​ Twitter - @1tvkz​ – ​ – htt
Back to Top