Министріміз Цой болады, Цой болғанда індетке қарсы бой болады. Денсаулық сақтау саласына жаңа басшы келгенде көпшіліктің күткені осы еді. Тоқаев тез арада ырық бермей жатқан пандемияға қарсы қам-қарекет жоспарларын түзуды тапсырған соң елдің су жаңа бас дәрігері күрестің үш сценариін ұсынды. Соның екіншісін үкімет құп көрген. Бүгіннен бастап елде екі апталық карантин.
#1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан