САҚТАН АЛАШ, САҚТАН ҚАЗАҚ | “Кухня“ сериалы нені үйретеді?

Namys TV: Қазіргі таңдағы телеарналардан көрсетіліп жүрген үнді сериалдары будда дінін уағыздаудың ең тиімді жолы болса, ал шетелдік сериалдар жастарды діннен алыстатып, руханиятынан, тілінен, салт-дәстүрінен айырып, батыстың идеологиясын насихаттаудағы ең тиімді құрал болып табылады. Ұлттық тәрбие онсызда ақсаңдап тұрғанда, ҚР телеарналары мұндай сериалдарды көрсетуі ұлт болашағы үшін жасалған қиянат деп айтуға болады. Бұл сериалдардың көзін жоймай тұрып, ұлт тәрбиесі жайлы сөз қозғау барып тұрған ақымақтық. Бұл сериалдардың мақсаты бір, ол - мұсылман ұрпақтың тамырына балта шабу. Діннен алыстаған қоғамда күнә көп жасалады, ал күнә көп жасалатын жерде Алланың мейірімі болмайды. Тұтас ұлт ретінде ұйысып, бұл індетке қарсы шықпасақ орны толмас өкінішке қаламыз.
Back to Top