✅ ЖӘДИДШІЛДІК ИСЛАМ: АЛАШ АРЫСТАРЫНЫҢ БАҒЫТЫ
Ресей Империясы 1714-1914 жылдар аралығында Орта Азиядағы бүткіл мұсылман елдерінің барлығын отарлап, өзінің құрамына мәжбүрлікпен қосып алды. Қазақ хандығының Ресей құрамына қосылуы 1731 жылы басталып, 1840 жылы аяқталды. Ресейдің отарлаушылық саясаты оның құрамындағы көптеген зиялы мұсылмандарға қатты әсер етті. Себебі ғылымы мен технологиясы мықты дамыған империямен күресу үшін жаңа әдіс пен жаңа стратегия керек болды.
Мұның жалғыз дұрыс жолы – білім беру жүйесіне реформа жасау еді. Яғни діни және дүниелік білімдерді бірдей оқытатын медреселер ашу керек болды. Отарлаушылық кезеңге дейін Орта Азиядағы мұсылман елдері тек шариғат ғылымдарын оқып, жаратылыстану ғылымдарын меңгермеген. Сонымен бұл жаңа білім беру жүйесі – жәдидшілдік немесе жаңа әдіс деп аталды. 1883 жылы Татарстанда алғашқы жәдидшілдік медресе ашылды. Сонымен бұл жаңа әдіс бүткіл Орта Азия елдеріне кеңінен тарады.
Алаш арыстарының барлығы Жәдидшілдік әдісті қолдады. Мысалы «Қазақ» және «Айқап» гаеттері арқылы қазақ халқының санасын оятуға тырысты. Яғни діни негіздерді сақтай отырып, өркениетті елдердің ғылыми-техникалық жетістігі мен жаратылыстану ғылымдарын үйрететін жаңа білім беру жүйесін құруға күш салды. Жәдидшілдік бағыт патша үкіметінің саясатына қарсы бағытталды. Сол кезде өз заманынан ілгері ойлайтын интелектуалдар білім беру жүйесіне реформа жасау керектігін ұқты. Себебі жалғыз білім беретін орда - ол мешіт-медресе ғана еді.
Ал мешіт-медресе тек қана діни білім берумен айналысып, дүниелік білімді оқытпайтын еді. Яғни жәдидшілдік қозғалыс бойынша мешіт-медреседе шариғат ғылымдарымен қатар, жаратылыстану ғылымдарын оқыту керектігін алға тартты. Алайда дүмше молдалар тарапынан белгілі бір дәрежеде кері тартушылық болды. Патша үкіметінің қу саясатынан барынша хабардар болған ұлт зиялылары, онымен күресудің жалғыз дұрыс жолы – оның ғылымын меңгеру керек деп білді.
Абай атамыз 25-ші қара сөзінде: “Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да - бәрі орыста тұр. Зарарынан қашық болу, пайдасына ортақ болуға тілін, оқуын, ғылымын білмек керек. Оның себебі олар дүниенің тілін білді, мұндай болды. Сен оның тілін білсең, көкірек көзің ашылады. Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі оныменен бірдейлік дағуасына кіреді, аса арсыздана жалынбайды. Дінге де жақсы білгендік керек. Орыстың ғылымы, өнері - дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанырақ түседі“, - деп айтады.
#АлашОрда #Жәдидшілдік #Джадидизм