28 Бүкіл Әлемдік Қысқы Универсиада 2017 Ашылу салтанаты

Қысқы Универсиада 2017 — 28-ші қысқы Универсиада, Қазақстандағы Алматы қаласында 2017 жылы 29-шы қаңтар мен 8-ші ақпан аралығында өтеді.[1][2][3] Универсиада жарыстары спорттың 12 түрі бойынша өтеді. Олардың арасында тау шаңғысы, биатлон, шаңғы жарысы, шаңғы қоссайысы, шаңғымен трамплиннен секіру, сноуборд, фристайл, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, конькимен жүгіру спорты, шайбалы хоккей (ерлер және әйелдер арасында) және керлинг ойындары бар. Қатысушы мемлекеттер: АҚШ (73) Аустралия (7) Аустрия (21) Аргентина (2) Армения (1) Ауғанстан (3) Әзірбайжан (1) Беларусь (23) Бельгия (3) Болгария (4) Бразилия (1) Германия (29) Гонконг (1) Грекия (1) Грузия (8) Иран (3) Италия (38) Жаңа Зеландия (1) Жапония (110) Канада (88) Корея Республикасы (65) Қазақстан (170) Қырғызстан (10) Қытай (116) Латвия (26) Ливан (5) Литва (6) Мажарстан (2) Малайзия (1) Мексика (2) Моңғолия (10) Нидерланд (20) Норвегия (19) Өзбекстан (3) Парагвай (1) Польша (61) Ресей (215) Румыния (3) Словакия (37) Эстония (10)
Back to Top