Қосылмайтын екі теңіз...

Ар-Рахман сүресі (19-32) аяттар Ағызған екі теңіз қосылады. (19) Екі арасында бөгет бар. Бір-біріне араласпайды. (20) Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін жасынға айналдырасыңдар? (21) Екі теңізден де інжу-маржан шығады. (22) Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер? (23) Теңізде таулар құсап жүрген кемелер Оған тән. (24) Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер? (25) Бүкіл жер жүзіндегілер түгейді. (26) Ұлы дәрежеге ие әрі жомарт Раббың өзі ғана қалады. (27) Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер? (28) Көктердегі әрі жердегі әркім Одан сұрайды, Ол, әр күні шұғылдануда. (29) Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер? (30) Әй екі топ! (Адамзат пен жын) Есептеріңді көреміз. (31) Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер? (32).
Back to Top