Алматыда банк бөлімшесін тонағандар ұсталды

Алматыда Каспий банк бөлімшесіне шабуыл жасағандар ұсталды. Күдіктілер үшеу екен. Екеуі шабуыл жасаса, үшіншісі көлікте күтіп отырыпты. Қылмыс жасағандардың екеуін полицейлер Алматыдағы пәтерден, үшіншісін Орал қаласында қолға түсіріпті. Шабуыл жасағандар 28, 35 және 36 жастағы достар екен. Қылмысқа тыңғылықты дайындалыпты. Ұрланған қаржының біраз бөлігін жұмсап үлгерген. Қылмыстары толығымен дәлелденетін болса олар 12 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін. Естеріңізге сала кетсек, 15 қазан күні белгісіз азаматтар банк бөлімшесіне шабуыл жасап, 2 миллион теңгені қолды қылған болатын. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top