Болат Назарбаевты неге жарнамалап жүр? Одан басқа дәрігерлер мен митингілер туралы

Каналға қолдау көрсету 87089991908 (kaspi немесе Халық банк). Рақмет! Болат Назарбаевты мадақтайтын мақалалар жариялана бастады. Денсаулық сақтау вице-министрі Ерлан Қиясов дәрігерлерге жалақыны көтерсе, “босаңсып кететінін” хабарлады, ал полицияға жалақыны 30% көтеретін болды. Зейнетақы жинағын пайдалану келесі жылда іске аспауы мүмкін. Парламент сайлауына қарсаңында елімізде бірнеше оппозиция саясаткері, белсенді мен қоғам қайраткерлері “Ел бірлігі” атты қозғалыс құрды. Олар сайлау кейінге қалдырылу керек дейді. Қозғалысты ұйымдастырушылардың айтуынша, “саяси қозғалыстың мақсаты - 25 жылдан бері елді, халықты алдап келген сайлау заңын өзгерту“. Алматыда 31 қазан күні саяси тұтқындарды босату талабымен билік рұқсат еткен митинг өтті.
Back to Top