Болат Назарбаевтың бұрынғы әйелі берген бағалы сыйлықтар немесе Малайзиядағы жанжал

Малайзия соты жемқорлық айыбын тағып, елдің бұрынғы премьер-министрі Наджиб Разакты 12 жылға соттады. Разак айыптың бәрін жоққа шығарады. Оның үйін тінту кезінде зергерлік бұйымдар мен ақша салынған 300 қорап табылған. Разак бұл бұйымдарды күйеу баласы Данияр Кесікбаев пен Болат Назарбаевтың бұрынғы әйелі Майра Құрманғалиева сыйлағанын айтқан.
Back to Top