Қазақстанның бірнеше қаласында полиция ондаған азаматты ұстады

26 қазанда Қазақстанның бірнеше қаласында полиция ондаған азаматты ұстады. Полиция ұстап әкеткен азаматтар «Қытай экспансиясына қарсымыз», «Саяси тұтқындарға бостандық» деп айқайлады. Халықаралық ұйымдар Қазақстанда бейбіт жиналу құқығы бұзылып жатқанын бірнеше рет ескертіп, Нұр-Сұлтанды халықаралық қауымдастық алдында алған міндеттемелерін орындауға шақырған.
Back to Top