Назарбаев құйымшағындағы Бекболат. Путин уәдеде тұрмайды. Маминды да қамау туралы – Ермұрат Бапи

ADAL Adam youtube-арнасының бүгінгі қонағы - қоғам қайраткері, Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи. Ол сұхбат барысында коррупционерлердің мешіт салғыштығы, кредиттік ұйымдардың жұмысы, Түркістандағы былық, оған Ө.Шөкеевтің, Мәжіліс депутаттары Қ.Балабиев, Ұ.Сәдібековтің, Т.Қырықбаевтың қатыстылығы туралы ойын білдірді. Сонымен қатар, Ермұрат Бапи Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың “Менің өмірім” деген кітабына және онда жазылған пікірлерге көзқарасын жеткізді. Сұхбат кезінде Путиннің уәдесінде тұрмайтындығы, Назарбаевтың қаскүнемдігі, Асқар Мамин, Самат Әбіш, Қайрат Шәріпбаевтарды жауапқа тарту, Қайрат Сатыбалдының құрбанға шалынып кеткені туралы айтты. Бұдан бөлек, соңғы кездері салафизм өкілдерінің белсенділік таныта бастағанын, олардың Қазақстан қоғамына терең сіңгенін тілге тиек етті. Сұхбатта Бапи Бекболат Тілеуханның өзіне қатысты айтқан уәждеріне өткір жауап берді. Видеоны тайм-кодтар арқылы көру 00:00 Тизер 01:11 Сәлемдесу 01:48 Коррупционерлер қазір меценат, мешіт салғыш, әрине мешіттің салынғанына қарсы емеспіз, мәселе кім салып жатқанында болып тұр. 02:20 “Өзінің күнәсін жууға ұмтылып жатқан коррупционерлер” 03:33 “Бұл да әрбірден кейін арамдықтың белгісі” 03:37 Осы жерде сіздің жерлесіңізге тоқалайықшы, Дулат Тастекеев деген бауырыңыз. 06:16 “Екінің бірі қаржылық, кредиттік мекеме аша беретіндей жағдай шектеледі” 07:20 Неге сол аймақтың мәселелерін ең алдымен сол облыстан сайланған депутаттар Балабиев, Қырықбаев, Сәдібеков көтермейді? 10:45 Әулие санап келген Шөкеевтің де арты ашылып жатыр. 12:44 “Шөкеевке қатысты ел арасындағы халықты зарлатты, жұмыссыз қалдырды деген сөздерді жоққа шығара алмаймын” 15:10 Мен айтқан үш депутат та Түркістан облысына белгілі адамдар. Шөкеевтің тұсында қызмет атқарғандар. 17:12 Әділеттілікті жаны сүйетін адамдар тиісті орындарға шағым жазып, іс қозғау керек. 18:12 Тоқаев қандай жетістігі үшін оны КАЗГУ-ге ректор қылып қойды? 20:08 Сексеннен асқан шал Назарбаев кітабында “жүрекке әмір жүрмейді” деп қыртып, малтасын езіп отыр. 21:41 “Өзінің немересімен жасты қызға байланысты ғашықтық сезімін мемуарға жазатындай дүние емес еді” 22:09 Назарбаев кітабында “Путин сөзінде тұратын адам” деді. 24:26 Сосын, кітабында Тоқаевқа оппозиция бар болғанын, онын білгенін жазады. Бірақ соны біле тұра неге шара қолданбаған? Әлде өзі батасын берді ме? 25:00 “Ол кезде Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы болып отырды Қаңтарға дейін. Соны біле тұрып, қарекет жасамауы қаскүнемнің ойы” 26:13 “Бұл азаматтардың барлығы билігіне қауіп төндірді деп ойлады” 27:17 Қайрат Сатыбалдының басына түскен іс бұған ұнамайтынын, қабылдай алмайтынын, бірақ соттың шешімімен амал жоқтықтан келісетінін айтады. Қазір егер билігі болса, оны (Қайрат Сатыбалдыны) қандай күнәсі болса да бір күнде отырғызбайтын едім дегенді айта алмай отырғандай әсер қалдырады. 27:57 “Қайрат Сатыбалды Назарбаевтар әулетіндегі құрбандыққа шалынған жігіт” 29:40 “Назарбаевтар әулетін, сол әулеттің төңірегінде жүрген Шәріпбаевы бар, басқасы бар, бәріне ревизия жасауымыз керек” 31:09 Осы бір-екі күнде Қайрат Сатыбалды мерзімінен бұрын босауы мүмкін деген ақпарат тарады. 32:16 “Бір Қайратты екінші Қайратты қорғап қалудың қамы жасалған” 32:57 “Активтерді қайтару жағында басшылықта, прокуратурада, күштік құрылымдардың бәрінде ескі Қазақстанның ықпалы күшті жүріп тұр” 36:13 Жаңағы кітаптың шығуымен Назарбаев дәуреніне нүкте қойылды бекер әңгіме ме? 37:34 Назарбаев кітабында Тоқаевтың бағытын қолдайтынын бірнеше рет айтады. Осы қолдаулары амалсыздықтан ба, әлде елдің қамын жегендіктен бе? 39:22 Қаңтар төңкерісіне қатысы бар тұлғалар әділ жолмен өз жазаларын алды ма, әлде жауапкершілікке тартылмай тайраңдап жүргені бар ма? 40:47 “Маминді де жауапқа тартуға толық негіз бар” 43:22 “Қаңтардың бағасы тым ұзаққа созылып кетеді деп ойламаймын” 48:33 Бекболат Тілеуханға келейік. Ашық кеттіңіздер ғой, ол да неше түрлі айтып жатыр. 49:05 Бекболат Тілеухан Қаңтар қырғыны болардан он күн бұрын Түркияға кетіп қалды. Неге? 50:25 “Бекболат Тілеухан тұмсығын Назарбаевтың құйымшағының астына тығып жүрген адам болатын” 53:00 Бекболат Қазақстан үшін, қазақ үшін не бітірді деп ойлайсыз? 53:39 “Сақалын сипап отырып “Менің мола аралайтындай әдетім жоқ” дейді” 55:26 “Салафизмге тыйым сала алмайды деген сөзінен қазақтың дәстүрлі дініне, мәдениетіне қарсылығын білдіріп отыр” 58:44 Соңғы кездері ескі жүйе өкілдері мен ел ішінде есімдері ваххабизммен байланыстырылып айтылатын адамдар ақталуды бастап кетті. 1:03:15 “Қазақстанда зұлматқа кім бірінші жауапты дегенде, Назарбаев дер едім” 1:05:59 Сұхбаттың аяқталуы #ЕрмұратБапи #НұрсұлтанНазарбаев #БекболатТілеухан
Back to Top