Ушыққан Қуат Хамитов ісі мен Мамайдың “рұқсат етілген“ митингі

Қазақстанда реформалар жөніндегі жоғары кеңес құрылады. Митингілер туралы заң күшіне енген соң биліктің келісімімен алғашқы митинг өтті. Оны азаматтық белсенді Жанболат Мамай жетекшілік ететін Демократиялық партия құру жөніндегі белсенділер ұйымдастырды. Онда билік отставкасы талап етіліп, шетелдіктерге жерді жалға бермеу, түрмеде отқан Арон Атабек пен Макс Боқаевтың бостандық беру секілді плакаттар болды. Бүгінгі шығарылымда “билік рұқсат берген” алғашқы митинг туралы және ел арасында жалған ақпарат таратып, дезинфекция жасап жүрген адамдарға күш көрсетуге шақырған Қуат Хамитов ісі мен Facebook-тегі посты үшін 3 жыл бас бостандығы шектелген Ілияшевтың ісі туралы сөз қозғайтын боламыз.
Back to Top