МАСҚАРА! БАДЫҚОВА ӘБДЕН ҚҰТЫРДЫ — ХАЛЫҚ КӨШЕГЕ ШЫҚТЫ — ҚОС-LIKE ЖАБЫЛДЫ!
Ассалаумағалейкум көрермен!
Шоумен мемлекетке айналған Қазақстан туралы не дейміз? Крыловтың мысалындағы бүгінгі Шырылдауық шегірткелер кім? Дариға Бадықова елді не деп шошытып жүр? Шоу бизнес пен той бизнес өкілдерінің дәурені қай уақытқа дейін жүрмек? Бұл туралы бүкіл шындықты Диван батыр арнасы баяндайтын болады
Бірінші Дүниежүзілік соғыста, адмирал Колчак бір қаланы басып алған соң:
“Әртістерге, атқосшыларға және жезөкшелерге тиіспеңдер, олар кез-келген билікке қызмет ете береді“ деген екен... Жә, бұны неге айтып отырмын. Қазір көресіздер. Алдымен видеомызға лайк басып, арнаға тіркеліп, қасындағы кішкентай қоңыраушаны түрте кетіңіздер. Кеттік ендеше!
Телеарналарда көрсетілетін бағдарлармаларда ғылымның иісі де жоқ. Есесіне Қалаулым, Қослайық сынды қисынсыз бағдарламалар, рейтингты көтеруге бағытталған, өсек пен төсектің айналасынан әрі аспаған, азғындықты жарнамалаған Көреміз, Астарлы ақиқат сынды ток-шоулар, Ұлттық арнада ұлтқа қатысы жоқ жын-ойнақтар кеңінен насихатталады. Халықтың білім мен ғылымды ойлайтын уақыты жоқ. Керек те емес. Біз қайда кетіп бара жатырмыз өзі? Оу ағайын? Құры мақтан, айқай, даңғаза, дақпырт. Бір сөзбен айтқанда Қазақстан шоумен мемлекетке айналды. Ішің ашиды. Біздің Қазақстандағы ғылым мен инновациясының, өнеркәсіп пен өндіріс ошақтарының қаншалықты бейщара хәлде екенін коранавирус кезінде дәлелдеп тастадық. Халықтың алдында маңғазданып, кербезденіп жүретін әнші, әртіс, блогерлер Крыловтың мысалындағы Шырылдауық шегірткеге айналды. Ащы болса да шындық ол. Жаз бойы көкалда жүріп гөлайттап, қыс келгенде қонатын жері, баратын тауы болған жоқ. Қайыршының күйін кешті. Тап сол сәтте Қазақ елі нағыз ғылым иелеріне, ғалымдарға, медицина өкілдеріне ауадай зәру болды. Бірақ, біз сол кезден сабақ алған жоқпыз ба, қалай өзі. Бір ғана актриса Дариға Бадықованың мына сөзін мысалға алсақ та жеткілікті сияқты
Бүгінде киножұлдыз атанып, қалтасындағы қаражатын еселеген, той думанда оққағарсыз жүрмейтін Дариға ханым:
“Менің табиғатым элегантностты қалайды. Вульгарный киім, дешевый шаш, сырға дегендерді қаламайды екен. Кеше қызық жағдай болды. Жан дүнием арзан нәрселерді менсінбеді. Менсінбеймін все деді. Бұл менің менсінбейтін табиғатым. Психологтар қайдасыздар?“ – дейді ол.
Қазақ кім көрінгенге сенгіш әрі тыңдай беретін менталитеттің деңгейінде жүр. Егер ел таныған әнші не жұлдыз болсаң өмірдің бар саласын жілікше шағатын ақылды адам деп ойлайды ғой деймін көбі. Бір кезде Мұхтар Мағауин.
Біз атқа мінгенде бүкіл дүние жаяу жүр еді. Біз шалбар кигенде бүкіл дүние жалаңбұт жүр еді. Біз жазу шығарып, жыр толғаған кезде қазіргі Еуропа қараңғылық түнегінде жатқан. Біз айбынды мемлекет түзіп, жарты əлемді билеп отырған кезде бүгінгі заманның ең озық жұрттары тайпалық құрылым деңгейіне жеткен. Біртұтас ұлы түркі халқы мың жыл бойы салтанат құрды, ғылым мен өнердің озық үлгісін жасады, рухы биік, аруағы үстем, күш-қуаты артық болды. Кім білер, кім сенер, біз сондай да сондай едік!“
Әттең, өркениеттің көшінен сол атқа мінген күйде қалып қойдық ғой, Мұхтар атам-ау. Бұтымызда шалбар түгілі, өзіміз өндірген лыпамыз жоқ. Күн шығар емес, қараңғы қара бұлтта қалдық...
1769 жылы француз Николас Джозеф Кагнот бумен жүретін көлік құрастырғанда, біздің - қолда қылыш, астымызда ат болды.
Наполенның сенімді серігі Станислас Бодри атты экипажна “Омнибус“ деп ат қойып, 1827 жылы патент алғасын екі қабатты омнибустар шығарылып, автобустың алғашқы атасы өмірге келе бастағанда, біз - сол кезде де қылыш-найзамен ат үстінде отырдық.
Британдықтар жерде жүретін көліктердің түр-түрін жасап болып, сонау 20-шы ғасырдың басында 1909-1911 жылдары Олимпик, Титаник тәрізді алып кемелер жасағанда, біз - аттың артына ағаш арбаны әрең дегенде іліп алдық...
... Қазір АҚШ электрлі көлік шығарып, жердегі ғылымды игеріп болып, “ерігіп“ марсты бағындырып жүрсе, біз - орыстың тазик-уазик, кориталарын мінгенімізге мәз болып, автокөлік жолдарын жамап жүрміз.
АҚШ, Жапония, Корея сынды елдер смартфондарын шығарып алысты жақындатып жатса, біз сол ақ параққа руымыздан шыққан батырларымызды “менікі, сенікі“ деп санап-жазып, батырлар жырын зарлаған күйде қалдық.
Жұрт айбынды әскер жасақтап, заманауи әскери жарақтарын шығарып, бір-біріне сес көрсетіп жатқанда, біз - Аю мен Айдаһарға “апа-жезде“ деп жалтақтап отырмыз.
Ет жегенде тіс шұқитын ағашпен, бұтымыздағы дамбалға дейін шетелдікі. Дәл мына жемқор саяси жүйе түп-тамырымен жойылмаса, көп кешікпей мінуге есек таппай, киюге шалбар таппай, жапырақ байлап жүреміз...
Бәрі білер, бәрі сенер, біз осындай да, осындай болдық
Мәтінді оқыған Қуат Ахметжан
Жазған Бағжан Бақбергенұлы
Сіз үшін Диван батыр арнасы
1 view
830
247
6 months ago 00:06:22 1
МАСҚАРА! БАДЫҚОВА ӘБДЕН ҚҰТЫРДЫ — ХАЛЫҚ КӨШЕГЕ ШЫҚТЫ — ҚОС-LIKE ЖАБЫЛДЫ!