«Дертке шипа» есектің сүті 5 мың теңгеден сатылып жатыр

Есектің сүтін ішіп көріп пе едіңіз? Алматыда литрі 5 мың теңгеден саудаланып жатыр дейді. Астыртын. Неге қымбат дейсіз ғой. Оттан емес, боқтан қорек табатын жарықтық жануардың сүті емге шипа екен-мыс. Анау-мынау емес, құрт ауруы, өкпенің қабынуы, керек десеңіз коронавирусқа да қарсы дәрілік қуаты бар дейді. Парыз.кз басылымында жуырда есекті кәдімгі заманауи технологиямен сауып жатқан видео шыққан болатын. Ізінше аталған ақпарат құралы Интеграция және сауда министрі Бақыт Сұлтановтың түсініктемесін жариялады. Ведомство басшысы «Еуразиялық Экономикалық одақ» шеңберіндегі техникалық регламенттерге сай болса проблема жоқ, сұранысқа ұсыныс болады» депті. #1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан
Back to Top