Қазақтың сол қыздары-ай - Ермантай Нүсіпұлы /Дос тобы
Қазақтың сол қыздары-ай
Сөзі: Мұрат Нүсіпұлы
Музыкасы: Ермантай Нүсіпұлы
Шоқ бо(лы)п өскен шың-құзда,
Бәйшешек пе, қырмызы ма?
Қимай қарай беріппін,
Жымың еткен жұлдызға.
Кім қарамас көз сүзіп,
Құлаң шашы жер сызса.
Халалакку лай-лой шіркін-ай
Қазақтың сол қыздары-ай...
Жүйрік таңдап мінісіп,
Күміс тұрман тағысқан.
Жерден теңге ілісіп,
Жігіттермен жарысқан.
Қыз қуарда тым үстем,
Әріптесін қағытқан.
Халалакку лай-лой шіркін-ай
Қазақтың сол қыздары-ай...
Күлкілері бұлақтың
Сыңғырына қосылар,
Жарығындай шырақтың
Жанарының оты бар.
Көлдеріндей қыраттың
Мұңды қылған тотылар,
Халалакку лай-лой шіркін-ай
Қазақтың сол қыздары-ай...
Арғымағын ойнатып
Ауыздықпен алысқан.
Жылқы жиып, қой быққан
Отар көшіп алыстан.
Жеңіл қимыл желікпен
Сағым қуып жарысқан.
Халалакку лай-лой шіркін-ай
Қазақтың сол қыздары-ай...
Мынау елдің ұланы
Жатқа намыс бермейді.
Алтын қанат қыраны
Биіктерге өрлейді.
Сақтап келген мұраны
Қазақ қызы өңдейді.
Халалакку лай-лой шіркін-ай
Қазақтың сол қыздары-ай...