Елбасы саяси қуғын-сүргін құрбандары жайлы

XX ғасырдың зұлматы қазақ халқына өте ауыр соққы болды. 20-шы жылдардағы аштықтан 30% қазақ қырылған болса, 1930-1933 жылдары жартысы қазақтың опат болып, қалғаны қашты. Екі миллионы аштан өлді. Бір миллионы қуғын-сүргін болып қашып кетті. Ал енді 1921 жылдан 1953 жылға дейінгі уақыт ішінде 103 мың адам сотталып, 25 мың адам атылды. Қазақтың бетке ұстар азаматтары, қазақты басқарып отырған азаматтардың барлығы жойылды, тамырына балта шабылды. Міне осындай сұмдық қиыншылықтардан біз өткен халықпыз.
Back to Top