Астанада Елбасы, партия төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың төрағалығымен «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезі өтті. Нұротандықтарды партияның мерейтойымен құттықтаған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 20 жыл бойы иық тіресе жұмыс жасап, бірге келе жатқан үзеңгілестерге алғыс айтты. «20 жыл біз үшін тұтас дәуірге пара-пар. Тәуелсіздігімізді нығайтып, мықты мемлекет құру үшін маңызды реформалар жасау керек болды. Әйтпесе өркениет жолына бастайтын әлемдік даму көшінен қалып қояр едік. Сондықтан, «Нұр Отан» мықты саяси күшке айналып, нақты жұмыс көрсетті. Партияластарыма алғыс айтамын», - деді Н.Назарбаев.
88 views
1286
487
2 months ago 00:01:35 609
ВГУ LIVE: ІІІ конференция Витебского областного отделения Белорусской партии «Белая Русь»