Астанада көп балалы ана баспана таппай сабылып жүр

ЭКСПО деп шабылып жатқанда Астанада көп балалы ана баспана таппай сабылып жүр. Үйі құлағалы тұрған отбасы бірнеше ай гаражды паналап келіпті. Қазір киіз үйде тұрып жатыр. Ал қала атқамінерлері тек уақытша көмек көрсете алады екен. Іргесі сөгілген үйді өз күштерімен қайта тұрғызып алмаса, баспаналарының кезегін күтсін дейді.
Back to Top