Елімізде карантин басталғалы 4 587 жұп ажырасты

Пандемия ерлі-зайыптылардың шыдамдылығын шындап сынауда. Карантин басталған наурыз айынан маусымға дейін елімізде 4 587 жұп ажырасып кетіпті. Статистика комитетінің мәліметінше, бұл жағымсыз көрсеткіш боынша Алматы көш бастап тұр екен. Некенің ең көп бұзылуы дәл осы қалада тіркелген. Оңтүстік астанада 554 жұптың дәм-тұзы жараспай, екіге айырылыпты. Одан кейінгі орындарда Қарағанды облысы мен Алматы облысы тұр. Мегапоис саналатын Нұр - Сұлтанда 345 жұп, ал Шымкентте 184 жұп бөлек өмір сүруді құп көріпті. Атап өтерлігі, некеге ең берік аймақ Қызылорда облысы екен. Карантин кезінде Сыр өңірінде 31 жұптың некесі бұзылыпты. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top