Алматыда тағы да құбыр атылып, бірнеше көлікті зақымдады

#КТКжаңалықтары Алматылықтар бүгін тағы құбырдың қайнаған суына күйіп қала жаздады. Бұл жолы да тозығы жеткен жылу құбыры жарылды. Көшенің қақ ортасында атқылаған ыстық судан маңайдағы жұрт қашып үлгерген. Бірақ бүлінген көлік көп. Қайнаған сумен бірге ұшқан тас кесектері тұрақта тұрған бірнеше машинаны зақымдаған. Жылу маусымы алдындағы тағы бір жарылыс жайында КТК тілшісі толығырақ айтып берді. #Алматы #құбыр #су #көліктер
Back to Top