Алматыда крематорий салынады: 47 млн теңге бөлінді
Алматыда крематорий салынады. Бұл елдегі қайтыс болған адамның денесін өртейтін ең алғашқы орталық болмақ. Негізі 1987 жылдан бері көтеріліп келе жатқан мәселе биыл шешімін тауып, жыл соңына дейін нысанның құрылысы аяқталуы тиіс. Оның жобалық сметалық құжаттарына 47 млн-дай теңге бөлініп те қойды.
Крематорий не үшін қажет болды? Бұған дейін марқұмның мәйітін өртегісі келгендер оны Ресей жөнелтіп, пырағын алдырып отырды. Демек сұраныс бар. Әсілінде әлем тәжірбиесінде крематорий бір есептен жер тапшылығын да шешуге сеп. Себебі мәйіт жерленген орын 50 жылға дейін жарамсыз, оның сыртында ұзақ жыл бойына у бөлетіні тағы бар. Сондай-ақ аурухана мен мәйітханадан келетін биоматериалдар, қоршаған ортаға зияны орасан жануарлардың өлексесі және бар. Осының барлығын, өртеп, күлге айналдырып отыратын орын керек дейді кей маман. Қарсылар да жоқ емес.
#1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан
70 views
4
0
5 months ago 01:26:15 1
Мэлс Елеусизов: про паводки, проблемы монополии власти и экологии в Казахстане | Выпуск #7
4 years ago 00:07:23 86
Алматыда крематорий салынады: 47 млн теңге бөлінді