Алматыда су таситын көлік жүргізушісі жолдағы жарылыстың алдын алды

Өрттің видеосы әлеуметтік желіде тарады. Алматы қалалық Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, оқиға 31 қазан күні сағат 13:07-де Үлкен Алматы айналма жолында болған. «Өрт сөндіру бригадасы оқиға орнына 13:17-де жетті. Келген сәтте «Daewoo Nexia» автокөлігінің қозғалтқыш бөлігі мен салоны ашық жалынның жанып жатқанын анықтады.Өрт 13:26-да толық сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ», - деп хабарлады ведомстводан. Өрт сөндірушілер келгенге дейін су таситын көлік жүргізушісі Мағжан Қалиханов отқа оранған көлікке су шашып, жарылыстың алдын алды. Ер адамға тағы екі куәгер көмектескен. Төтенше жағдайлар департаменті азамат М.Қалихановты марапатқа ұсынуға құжат әзірлеп жатқанын атап өтті.
Back to Top