Бірнеше аймақта карантин күшейтілді

Карантин шаралары тағы бірнеше аймақта күшейтілді. Алматы облысында түрлі жиындарға тыйым салынып, қоғамдық тамақтану орындары жабылды. Балабақша, білім беру орталықтарының бәрінің қызметі тоқтады. Амбулаториялық-емханалық ұйымдардың өзі жоспарлы консультацияны енді қашықтан береді. Ал Маңғыстау облысында Жаңаөзен қаласы, Қарақия ауданы және Ақтау қаласының арасындағы жолдарға блок-бекеттер қойылады. Елді мекендерді қоршап, кіріп-шығуды шектемек. Солтүстік Қазақстан облысының бас санитары да қатаң шараларды қолға алды. Өңірде ауруханалардың 71 пайызы лық толы. Шағын дүкендер мен дәріханалардан басқа барлық көңіл көтеру және қызмет көрсету орталықтары жабылады. Демалыс күндері қоғамдық көлік те жүрмейді.
Back to Top