Дауыл астананың астаң-кестеңін шығарды

Бүгін елорда аспанын бұлт торлап, дүлей дауыл тұрды. Секундына 20 метр екпінмен соққан жел бірнеше үйдің шатырын жұлып, ағаштарды қопарып кеткен. Тіпті, кейбір көліктерді төбеден құлаған жабындылар басып қалған. Төтеншеліктер айтып келмейтін апаттан барынша сақ болуға шақырса, синоптиктер бірнеше аймақта күн күрт суытады деп болжап отыр. Табиғаттың тосын мінезінен зардап шеккендер бар ма? #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан
Back to Top