ПЕТРОПАВЛДА ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ТУРНИР ӨТТІ

ПЕТРОПАВЛДА ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ТУРНИР ӨТТІ Петропавлда алғаш рет СҚО жеке футбол мектептерінің біріншілігі өтті. Турнир қарашаның 9-10 күндері аралығында 2009-2010 жылдары туған балалар арасында ұйымдастырылды. Жарысқа 7 команда қатысты. Спорт сарайында өткен дүбірлі сайыста жүлдегерлер анықталып, үздік сұрмерген, қақпашы және шабуылшы аталымдары бойынша жас аяқдопшылар марапатталды. 3-ші – «Қызылжар» футбол орталығы (2010 жылы туған балалар командасы); 2-ші – «Қызылжар» БЖСМ (2009 жылы туған балалар командасы); 1-ші – «Қызылжар» БЖСМ (2010 жылы туған балалар командасы).
Back to Top