«QYZYLJAR JASTAR FEST» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕЛЛЕНДЖІ

«QYZYLJAR JASTAR FEST» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕЛЛЕНДЖІ Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен ел көлемінде «Jastar Fest» челленджі өтіп жатыр. Нұр-Сұлтан қаласында бастау алған тың шара Петропавлда жалғасын тапты. Бүгін қаламыздың орталық алаңында тұрғындар назарына 7 спорт түрі ұсынылды. Қызылжарлықтар тай боксы, шағын футбол, стритбол, армрестлинг, шахмат, тоғызқұмалақ және гір көтеруден өз күштерін сынап, белді жаттықтырушылардың шеберлік сағаттарына қатыса алды. Сондай-ақ, фитнес жаттықтырушылармен бірге бой сергітіп, салауатты өмір салтын қолдайтындарын көрсетті. «QYZYLJAR JASTAR FEST» челленджі жастар жылы аясында халықты бұқаралық спортқа тарту мақсатында ұйымдастырылды. Акцияға шамамен 100-ге жуық қала тұрғыны қатысты.
Back to Top