Әншілер фонограммамен ән айтса, көрермен ескертілуі тиіс

Сахнаға мас күйде шығып, өзін-өзі ұстай алмайтын әртістер бұдан былай айыппұл арқалауы мүмкін. Бұл туралы Мәжілісте өткен жиында мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәлімдеді. Ведомство басшысының айтуынша, соңғы кездері әншілердің сахнаға ішімдік ішіп шығуы, көрерменге тіл тигізуі, анайы сөздер араласқан әндер шырқауы сынды оқиғалар көбейіп кеткен. Сондай-ақ, эстрада әртістері фонограмма қолданса, бұл жайында ұйымдастырушылар көрерменді ескертуге міндеттелді. Мұндай концерттерге билет құны да анағұрлым арзан болуы тиіс, - деп түйді министр. Палата спикері де бұл мәселені сынға алды. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top