Бүгінде әншілердің барлығы дерлік концерттерін фонограммамен өткізеді. Мұны тыңдарман да жақсы біледі. Дегенмен қарсылық болмағасын, сахнада жүргендер жанды дауыс дегенді бірте-бірте ұмытып бара жатқан сияқты. Өнертанушылар, тіпті, кімнің шын талант екенін ажырата алмайтын болдық, дейді. Содан болса керек, Мәдениет министрі Ақтоты Райымқұлова «өнер таза болуы шарт» деп халық еркелеріне фонограмманы қолдануға тыйым салатын заң қабылдаймыз деп кесіп айтты. Бұған қатысты әншілердің өздері не ойлайды?
#1tvkz #смотримвместе #сенбілікжаңалықтар #жаңалықтар #Қазақстан