Екпе алған қазақстандықтардың саны 10 миллионнан асқан кезде ұжымдық иммунитет қалыптасады.

Екпе алған қазақстандықтардың саны 10 миллионнан асқан кезде ұжымдық иммунитет қалыптасады. Екпе егу жұмыстары қарқынды жүріп жатқан өңірлер қатарында Алматы облысы да бар. Қазір аймақта 700 мыңнан астам адам вакцинаның бірінші компонентін салдырып үлгерген. Соған қарамастан, халықты екпеге шақыру науқаны қызу. Бүгін коронавирус пандемиясымен күрес жөнінде құрылған «Ел үшін егілемін» азаматтық штабының өкілдері облыс тұрғындарына ұжымдық иммунитет қалыптастырудың маңызын түсіндірді.
Back to Top