Алматы облысында коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші компоненті салынып жатыр.

Алматы облысында коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші компоненті салынып жатыр. Қазіргі таңда жүзден астам адам екпе алып үлгерді. Олар ауруханалардағы инфекция бөлімінің мамандары, жедел жәрдем мен емхана қызметкерлері. Еңбекшіқазақ, Қарасай, Қаратал аудандары мен Талдықорған қаласында вакцинация жүргізіліп жатыр. Екпе салудың алғашқы кезеңінде 1450 адам вакцина алған. Дәрігерлердің айтуынша, екі рет екпе алғандардың денсаулығы жақсы.
Back to Top