Алғыс айту күні - Теңізбаева Хадича Халяфқызы

Теңізбаева Хадича Халяфқызы – еңбек ардагері, халыққа білім беру үздігі, 50 жылдан астам еңбек өтілі бар тарих пәнінің мұғалімі. 1963 жылы ол өмірлік жолдасы Теңізбаев Жапар Теңізбайұлымен Көкшетау қаласына Дағыстаннан көшіп келген. Көкшетау педагогикалық институтының ректоры И.Горохводатский жас маманды жаңа ашылған жоғары оқу орнына жұмысқа шақырып, Жапар Теңізбайұлы осы оқу орнында 2001 жылға дейін философия кафедрасының доценті қызметін атқарады. Хадича Халяфқызы өмір бойы Көкшетау қаласының №4 орта мектебінде ұстаздық еткен. Ұлы Отан соғысы жылдарында паровозда от жағушы болып істеген қажырлы еңбегі еленіп, “Ерен еңбегі үшін“ медалі, “Үздік паровозшы“ белгісі, халық комиссариатының сыйлықтары мен өзге де марапаттарды иеленген. Қазір Хадича Халяфқызы 96 жаста. Оның өмірбаяны – біздің қаламыздың, өлкеміздің және жалпы ел тарихының бір парағы. Көкшетау қаласы тарихы музейінің қызметкерлері еңбек ардагері, тыл еңбеккері, бүкіл өмірін оқытуға арнаған, өз оқушыларына барлық білімін, махаббаты мен жан-дүн
Back to Top