Түркістан “Ninety one“ концертіне неге қарсы? Халық топ туралы не ойлайды?

Түркістандықтар Ninety One жігіттеріне «басын кесіп алатындарын» ескерткен. Ninety One тобы Zamandas подкасына қатысып, Түркістандағы концерттің неге болмай қалғанын түсіндіріп берді. Айтуыларынша, олар Түркістанда концерт қойып, облыстық кітапханада жастармен де кездесуді жоспарлаған. Алайда менеджерлері жергілікті жұрттың әкімдіктен олардың келмеуін талап еткендігін, концерттің болмайтынын жеткізіпті. «Сол баяғы жыр. 2015 жылы басталған әңгімеге қайта оралып отырмыз. Шаштары боялған, сырға таққан жігіттерге сахнадан орын бергілері келмейді. Бұл бірінші рет болған жағдай емес, етіміз үйренді. Біз концертті кез келген жағдайда абыроймен өткізетін едік, бірақ ұйымдастырушылар мұндай жауапкершілікті мойындарына алғысы келмеді. Себебі бұл жерде жай ғана наразылық болған жоқ, шағымданғандар көтеріліске шығатынын, тіпті басымызды кесіп алудан тайынбайтынын жеткізген», - дейді Ninety One жігіттері. Айта кетейік, 28 мамыр күні «Ninety One», ал 4 маусымда «Shiza» тобының концерті өтуі керек болатын. Алайда, жергілікті тұрғындар желі арқылы қос топтың концерт қоюына қарсылық білдірген. Қасиетті қалаға келіп өнер көрсетуіне Түркістандықтар наразылық танытқан. Шаштары боялған, сырға таққан жігіттерге сахнадан орын бергілері келмейді. Көпшілік олардың рухани астанада өнер көрсетуі дұрыс емес деген мазмұнда пікір жазған. Ақпарат бізден, бағалау сізден!❤ Бізге тіркеліп, қолдап қойыңыз.✊ INSTAGRAM: ВКОНТАКТЕ: FACEBOOK: #NinetyOne #Shiza #turkistan #концерт #подкаст #замандас #zamandas #городтуркестан #туркестанскаяобласть #туркестан #город13 #город17 #13region #turkistantv #91ninetyone
Back to Top