ҚазҰУ. Аптаның айшықты оқиғалары

«Болашақтың» жаңа мүмкіндіктері таныстырылды Бүгін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Халықаралық бағдарламалар орталығының президенті Айнұр Кәрібозованы қабылдады. Тараптар тиімді ынтымақтастық бастамаларын көтеріп, әрі қарай дамыту жолдарын қарастырды. ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНКПЕН СЕРІКТЕСТІКТІҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ БЕЛГІЛЕНДІ Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы– Ректоры Жансейіт Түймебаев Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Жан-Франсуа Марто бастаған делегация құрамымен кездесті. Жүздесу барысында тараптар ынтымақтастық пен серіктестік бағыттарын талқылады. ТҮРКИЯМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯДЫ Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы - Ректоры Жансейіт Түймебаев Түркия Республикасының Қазақстандағы Бас консулы Али Риза Акынжымен жүздесті. Кездесуде ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев тәуелсіздігімізді алғашқы болып мойындаған Түркия – бүгінде еліміздің маңызды әрі сенімді әріптесі екендігін тілге тиек етті.
Back to Top