Райымбек, Кеген ауданының қос әкімі Талғат Ескендірұлы мен Жолан Ыбырайақынұлы бастап, қазыналы қарттарымыз қоштап, Бекжан @bekzhan_turys ағамыз тілектес болып “Арақсыз аудан“ жобасын бастап кеттік. Аллаға шүкір бұл істің басында Сарыбастау ауылының асыл текті жігіттері Айдос, Айдар бастаған Бақытжан ағамыздың әулеті тұр. Бұл жоба барлық өңірдегі жүрегінде еліне деген махаббаты бар жігіттерге жақсы бастама деп білемін. “Бай болсаң елге пайдаң тисін, батыр болсаң жауға найзаң тисін“-дейді дана халқымыз.