Кездесу...

Сенбі, жексенбі Алматы облысы, Райымбек ауданы, Сарыбастау ауылында екі күндік сапарда болып жастармен, оқушылармен және ауыл азаматтарымен кездесіп керемет əсерге бөлендім. Жалпы мен бүгінгі таңда Қазақстанның көптеген жерлеріне жастармен кездесуге барып жүрмін. Əртүрлі адамдарды көрдім, небір жігіттермен кездестім. Бірақ Сарыбастау ауылының жөні басқа. Осы ауылдың тумалары Айдос бауырым бастаған бірнеше жігіттер ауылы үшін үлкен еңбек етіп жатыр. 1. Жас буынның тəрбиесін қолдарына алып айына бір рет мықты тұлғалармен үлкен кездесулер жасауы. Осы кездесулер арқылы балалар рухани қанаттанады. 2. Ауылға мешіт, медресе, спорт алаңдары және балапандарға ойын алаңдарын жасады. 3. “Арақсыз ауыл“ жобасының аясында үлкен шаруаны Айдар бауырымыз қолға алып, бірталай нəтижеге қол жеткізді. 4. Жақсы оқыған оқушыларға, дарынды балаларға сондай-ақ спортшы балаларға шəкірт ақы төленіп тұрады. 5. Осы алақандай ауылдың балалары білім бойынша Əлемнің бірнеше мемлекеттеріне барып жүлде алып келді. 6. Мұқағали Мақата
Back to Top