Коронавирустан қайтыс болуы ықтимал адамдар үшін қабір қазып қойды
Украинада Днепр қаласында коронавирустан қайтыс болуы ықтимал адамдар үшін қабір қазып қойды
Украинадағы Днепр қаласының әкімдігі зират қызметкерлеріне 600 қабір қазып қоюды бұйырды. Бұл қабірлер коронавирустан қайтыс болуы мүмкін адамдар үшін дайындалып жатыр. Әкімдік осылайша тұрғындарға карантин ережесін сақтаудың маңыздылығын көрсеткісі келеді. Днепрде 6 адам коронавирус жұқтырған, көз жұмғандар жоқ.