Әлемді коронавирус қысқан сәтте франциялық аспаз “Коронавирус“ деп аталатын тәтті жасады

Қытайда тараған коронавирус әлемнің жүзге жуық еліне тарап, 111 мыңнан астам адамнан табылды. Қаза болғандар саны 3800-ден асып кетті. *9 наурызда Италияда коронавирустан тағы 93 адам қайтыс болды. Елде дерттен көз жұмғандар саны 463 адамға жеткен тұста үкімет бүкіл Италияда карантин жариялады. Дүйсенбіде Италияда вирус жұқтырғандан 7375 адамнан 9172 адамға жетті. *Ал Оңтүстік Кореяда вирус жұқтырғандар 7400-ден асты. Елу адам қаза болды. Корея билігі елде вирус жұқтырғандар саны азайып келе жатқанын мәлімдеді. *Иранда вирус жұқтырғандар жеті мыңнан асып кетті. 9 наурызда вирустан бақилық болғандар 230-дан асты. *Франция (1400), Германия (1100), Испания (1220), Ұлыбритания (320), Нидерланд (318), АҚШ (624) елінде вирус жұқтырғандар саны өсті. *Қазақстанда вирус жұқтырғандар жоқ. Әлемді коронавирус қысқан сәтте франциялық аспаз “Коронавирус“ деп аталатын тәтті жасады. Көз сала отырыңыз.
Back to Top