Қазақстан Ауғанстан мен Өзбекстанға гуманитарлық көмек көрсетеді

Қазақстан Үкіметі Ауғанстан Ислам Республикасы мен Өзбекстанға гуманитарлық көмек көрсетеді. Бұған қатысты қаулыға Үкімет басшысы Асқар Мамин қол қойған. Жәрдем ретінде Ауған еліне: көрпе қаптар, қыстық шатырлар, төсек, матрастар, жастық тыстары, көрпеше, күртеше, шалбар мен бас киімдер жіберіледі. Ал Өзбекстанға азық-түлік өнімдерін: жоғары сортты ұн, қарақұмық жармасы, өсімдік майы мен сүт өнімдері жіберіледі. Еске салайық, осыған дейін біздің үкімет жалпы құны 63 миллион теңге болатын 100 жасанды тыныс алу аппаратын Тәжікстанға гуманитарлық көмек ретінде жіберетіні айтылған еді. Бұл бастама қоғамда қызу талқыланып, наразылық өрши түскен болатын. Жұрт “өз азаматтарымызға жетпей жатқанда елді жарылқаған“ үкіметті сынады. Кейін Денсаулық министрлігі “Көкшетауда жасалатын бұл аппарат стационарда емес, жедел жәрдем бригадасында науқастарды тасымалдағанда пайдаланылады“ деп түсініктеме берген болатын.
Back to Top